«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

"Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ бойынша 2026-2027 оқу жылының 12-23/10 аралығында «Бастауыш сыныптағы инновациялық технологиялар» атты пәндік онкүндікті өткізуі туралы есебі.

 

 

"Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ бойынша

2026-2027 оқу жылының 12-23/10 аралығында

«Бастауыш сыныптағы инновациялық технологиялар» атты пәндік онкүндікті өткізуі туралы

ЖОСПАР

Мақсаты:  Оқушының жеке басын жан-жақты дамытып, танымдық белсенділігі мен сапалы білім алу деңгейін арттыру; әдеттен тыс ойлауға, логикаға және жаңа идеялар қабылдауға үйрету; алған білімді өмірлік жағдайларда және функционалдық  сауаттылықты арттыру бағытында тиімді пайдалану.

 

Күні

Сынып

Тақырыбы

Өткізу түрі

Жауапты

12/10

0-4

«Ақыл мен шабыт мекені»

Онкүндік ашылуы

Бастауыш сынып мұғалімдері,

Қабылтаева Ғ.А

13/10

1

Математика: «10 санының құрамы»

Интеграциялық сабақ

Кульмагамбетова П.О

14/10

0

«Буынды сызба түрінде көрсетіп үйренеміз»

Сауат ашу негіздері.

Ашық сабақ

Рахимжанова Н.Ғ

15/10

1

«Қазақтың ұлттық ойындары»

Ұлттық ойындар

Кульмагамбетова П.О

16/10

 

0

«Дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш.

Ойын сабақ

Математика

 

Рахимжанова Н.Ғ

19/10

3

«Разрядтық қосылғыштарға жіктеу»

 

Математика

Ашық сабақ

 

Смагулова А.С

20/10

2

«Мақта қыз бен мысық»

Сахналық көрініс

Жакупова Л.Қ

 

21/10

2

«Жақшасыз өрнектер және олардың тиімді тәсілі»

 

Ашық сабақ

Математика

 

Жакупова Л.Қ

22/10

4

«Ойлы болсаң, озып көр»

 

 

Сайыс сабақ

 

Қабылтаева Ғ.А

23/10

 

2-3

«Менің Отаным – Қазақстан!»

 

 

Салтанатты жиын

 

Смагулова А.С

 

 

 

                                                  Әдістемелік бірлестік жетешісі: Кульмагамбетова П.О

 

 

"Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ бойынша

2026-2027 оқу жылының 12-23/10 аралығында

«Бастауыш сыныптағы инновациялық технологиялар»

атты пәндік онкүндікті өткізуі туралы

ЕСЕБІ

 

«Бастауыш сыныптағы инновациялық технологиялар» онкүндігінің ашылуы

12 қазан күні Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Бастауыш сыныптағы инновациялық технологиялар» атты бастауыш сыныптар онкүндігі бастау алды.

Онкүндіктің алғашқы күні «Ақыл мен шабыт мекені» тақырыбында даярлық тобы мен 1–4 сынып оқушыларының қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Шара барысында оқушылар түрлі танымдық ойындар ойнап, тапсырмаларды белсене орындады, әріптерді қайталап, санау жаттығуларын қызығушылықпен жүргізді.

Онкүндіктің мақсаты:

  • Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыру;
  • Оқытудың инновациялық технологияларын сабақ пен сыныптан тыс жұмыстарда тиімді қолдану;
  • Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою және шығармашылық қабілеттерін ойын арқылы дамыту;
  • Мектепке дейінгі даярлық тобы мен бастауыш сынып оқушылары арасындағы сабақтастықты нығайту.

https://www.instagram.com/reel/DeZGPDyopWv/?utm_source=ig_web_copy_link&rpxt=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

Қазанның 13 күні, 1 -ші сынып оқушыларымен математика сабағынан “10 санының құрамы” тақырыбында ашық сабақ өтті.

Мақсаты: Оқушылар суретке сәйкес қосылғыштарды анықтайды, берілген сандардың құрамын айтады, мысалдар құрастырады. Сабақ жоғары дәрежеде өтті барлығы белсенді қатысты.

https://www.instagram.com/p/Debx6LyDCBa/?utm_source=ig_web_copy_link&rpxt=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

14 қазан күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде бастауыш сыныптар онкүндігі аясында мектепалды даярлық тобында сауат ашу негіздері пәнінен «Буынды сызба түрінде жазып үйренеміз» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды.

Мақсаты:

Балаларға сөзді буынға бөлуді және буындық сызбасын дұрыс құрап, жазуды үйрету;

Оқушылардың фонематикалық есту қабілетін, ойлау, есте сақтау және байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту;

Ұқыптылыққа, зейінділікке және сауатты жазуға баулу.

https://www.instagram.com/reel/DeeSePNo7Uf/?utm_source=ig_web_copy_link

Қазанның 15-і күні 1-сынып оқушыларымен «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында танымдық-қимылдық ойындар өткізілді.

Мақсаты: Оқушылар бойына ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді дарыту, олардың дене және зияткерлік қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттырып, ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке әрі ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/p/Deg8zANkZox/?utm_source=ig_web_copy_link&exln=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DeijkTJoiJq/?utm_source=ig_web_copy_link&cplk=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

  1. қазан күні Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып онкүндігі аясында даярлық тобы оқушыларына арналған математика сабағы ұйымдастырылды. «Дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш» тақырыбындағы бұл ашық сабақ ойын форматында өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға негізгі геометриялық фигураларды (дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш) таныстыру, оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету және логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту.

  • Білімділік: Оқушыларды «дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш» пішіндерімен таныстыру, олардың айырмашылықтары мен басты белгілерін түсіндіру.
  • Дамытушылық: Ойын элементтері арқылы балалардың кеңістікті қабылдауын, есте сақтау, ойлау, зейін қою және саусақ моторикасын дамыту.
  • Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, сабаққа деген қызығушылық пен белсенділікке тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/p/DejiYvEEdPZ/?utm_source=ig_web_copy_link&vrfl=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

19 қазан күні Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сыныптар онкүндігі шеңберінде 3-сыныпта математика пәнінен «Разрядтық қосылғыштарға жіктеу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазуды және жіктеуді үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын, математикалық тілін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, топта және жұпта жұмыс істей білуге, математика пәніне деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/p/DerJbpUkYRM/?utm_source=ig_web_copy_link&psln=NTc4MTIwNjQ2YQ==

Бастауыш  сынып  апталығында  жоспар бойынша  Ыбырай  Алтынсарин  шығармаларынан көрініс көрсетілді.

Көрініс мақсаты:  Еңбекқорлыққа, үнемшілдікке және кішігірім заттың да қадірін білуге баулу.

Аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың.

https://www.instagram.com/p/Detqv8sEUhN/?utm_source=ig_web_copy_link&mdxt=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

Бастауыш сыныптар онкүндік жоспарына сай, 2-сыныпта математика пәнінен «Жақшасыз өрнектер және олардың мәнін тиімді тәсілмен есептеу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Білімділік: Оқушыларға жақшасыз өрнектердің мәнін тиімді тәсілдермен (қосу мен көбейтудің қасиеттерін қолдана отырып) есептеу жолдарын түсіндіру, есептеу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, математикалық тілін, зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, топта жұмыс істей білуге және пәнге деген қызығушылығын арттыруга тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/p/DewQ6s7kYQ2/?utm_source=ig_web_copy_link&xtok=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

«Ойлы болсаң озып көр» атты сабақта оқушылардың шапшаңдығы мен зейінін арттыру мақсатында түстерді жылдам табу және ішінде не барын сипап сезу арқылы анықтайтын жәшік ойындары ұйымдастырылды. Қатысушылар суреттерде жасырылған мақал-мәтелдерді тауып, көбейту кестесі мен математикалық есептерді шапшаң шығарудан өзара жарысты. Сонымен қатар сайыскерлер қазақтың біртуар ақын-жазушыларының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша баяндап, білімдерін ортаға салды. Тапсырмаларға толы бұл тартысты сабақ балалардың логикалық ойлауын, сөздік қорын және интеллектуалдық қабілетін дамытуға үлкен септігін тигізді.

https://www.instagram.com/reel/Dey0qRCxAGu/?utm_source=ig_web_copy_link&exln=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан!»

Бүгін мектебімізде 23 қазан – Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті!

2–3-сынып оқушылары өздерінің патриоттық жыр-арнауларын айтып, әсем ән мен биден шашу шашты. Балалар еліміздің рәміздері мен тарихы туралы білімдерін ортаға салып, мерекенің сәнін кіргізді.

Үлкен жауапкершілікпен дайындалған балғын бүлдіршіндерімізге және ұйымдастырушы Смагулова А.С. апайға алғыс білдіреміз!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын! Республика күні құтты болсын!

https://www.instagram.com/p/De1TOoqICru/?utm_source=ig_web_copy_link&mdxt=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-де 12–23 қазан аралығында бастауыш сынып мұғалімдерінің «Бастауыш сыныптағы инновациялық технологиялар» тақырыбындағы пәндік онкүндігі нәтижелі аяқталды.

Онкүндік барысында:

Заманауи интерактивті және инновациялық әдіс-тәсілдер қолданылған ашық сабақтар өтті;

Оқушылардың сыни ойлауын, шығармашылығын мен белсенділігін арттыратын ойындар мен тренингтер ұйымдастырылды;

Ұстаздар өз арасында тәжірибе алмасып, оқытудың жаңа мүмкіндіктерін көрсетті.

Балғын оқушыларымыздың білімге деген құштарлығын арттырып, сапалы білім беруде аянбай еңбек еткен бастауыш сынып мұғалімдеріне алғыс білдіреміз!

https://www.instagram.com/p/De1TsHzI4fh/?utm_source=ig_web_copy_link&cplk=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

 

 

Әдістемелік бірлестік жетешісі: Кульмагамбетова П.О

 

 

 

 


Текст